«NU-ДЫ ДАМЫТУ – НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БІРІ» - МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК СТУДЕНТТЕРДІҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

«NU-ДЫ ДАМЫТУ – НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БІРІ» - МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК СТУДЕНТТЕРДІҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

27 наурызда Назарбаев Университетінде (NU) Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен Open Talk өтті. Кездесу барысында ол студенттерге Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі жетістіктер туралы айтып, оның алдында тұрған міндеттерге, сондай-ақ бұл үдерістегі Nazarbayev University рөліне тоқталды.

«NU өте маңызды, келе жатқан алып инновациялар толқынына дайын. Технологиядағы революцияның жетегінде тұрған энергетикалық революция, медицина мен материалтануда орасан зор өзгерістер орын алуда. Кванттық есептеулер мен жасанды интеллект осы өзгерістердің барлығын тездетеді, өйткені формулалар мен зерттеу әдістемесі өзгеріп жатыр. Ғалымдар ойлаудың жаңа және күрделі тәсілдерін ойлап табу үшін ЖИ-ке сүйенеді. Мысалы, Google NASA-мен бірігіп физиканың жаңа заңдарын ашу үшін телескоптардағы барлық деректерді алгоритмге салады. Ал NU бұл түбегейлі революцияны түсінуге көмектесетін санаулы алаңдардың бірі», - деді С.Нұрбек.

Министрдің айтуынша, қазақстандық жоғары оқу орындары автономияға көшуде және бұл жұмыста nazarbayev University -дің стратегиялық серіктестермен ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан автономия тәжірибесі мен білімі өте пайдалы. «NU-дың дамуы – біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі. Шетелдік оқу орындарының Қазақстанға келуіне жол ашып, үлгі болды», – дейді Саясат Нұрбек.

Сұрақ-жауап барысында студенттер министрге еліміздегі жоғары білім мен ғылымды қаржыландыруды арттыру, академиялық қазақ тілін дамыту, шетел студенттерін елімізде оқуға тарту перспективалары туралы да сұрады. Саясат Нұрбек университет студенттерінің жоғары жетістіктерін атап өтіп, оқуларына сәттілік тілеп, студенттер мен тиісті министірлік арасындағы диалогты нығайту үшін тағы да кездесуге уәде берді.