ХАТУ мен АҚШ-тың Родос колледжі арасындағы ынтымақтастықтың бастауы қаланды

ХАТУ мен АҚШ-тың Родос колледжі арасындағы ынтымақтастықтың бастауы қаланды

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Родос колледжінің халықаралық департаментінің өкілі, профессор Никос Захариадиус ХАТУ студент-журналистеріне, сондай-ақ қазақстандық журналистерге тренинг өткізді.

«Әлеуметтік медианы талдау: қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара «Qazaqstan», «24КЗ», «Қазақ газеттері» және т. б. телеарналардың мүдделі БАҚ өкілдерінің аудиториясын жинады.

ХАТУ басшылығымен келіссөздер барысында АҚШ-тың жоғары оқу орны «Журналистика» мамандығының студенттеріне Элвис Преслидің отаны – Мемфистегі академиялық ұтқырлықты ұсынды. Сонымен қатар Медиа-коммуникация кафедрасының профессорларын АҚШ-тағы дәрістер курсын оқуға шақырды.

Енді «Журналистика» мамандығының студенттері семестр бойы АҚШ-тың ең үздік жоғары оқу орындарының бірі – Родес колледжінде оқи алады. Және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде АҚШ профессорларының тыңдаушылары бола алады.