М. Өтемісов атындағы БҚУ ғалымы «Жас ғалым» тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болды

М. Өтемісов атындағы БҚУ ғалымы «Жас ғалым» тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болды

Оқытушы, жас ғалым Бибігүл Тулегенова «Жас ғалым» тұрғын үй бағдарламасы бойынша үш бөлмелі пәтердің кілтін алып, қуанышқа бөленуде.

«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, жас ғалым Бибігүл Тулегенова М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Сергалиев қуанышымен құттықтап, ақ тілегін арнады.

Бибігүл Төлегенова «Жас ғалым» тұрғын үй бағдарламасы бойынша үш бөлмелі пәтердің кілтін алуға қуанышты.

«Отбасымның атынан Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына біздің ғалымдарымыздың алдында ашылып жатқан мүмкіндіктер үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ бастапқы жарна 10%, жылдық мөлшерлеме 5%-ға тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін беріп отырған Ғылым және жоғары білім министрлігіне де рақмет. Менің ойымша, бұл жас ғалымдар үшін үлкен мотивация», - дейді ол.

Бибігүл Тулегенова ғылыми жоба аясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғалымдарымен бірлесіп «Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында part-time оқыту» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» бірлесіп, «Жас ғалым» тұрғын үй бағдарламасын іске қосқан болатын. Аталмыш бағдарлама арқылы жас ғалымдарға мемлекет тарапынан жағдай жасала бастағанын аңғартады.