
ҚР Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев бастаған делегация Женевадағы Ядролық зерттеулер жөніндегі Еуропалық орталыққа барды.
CERN-ге сапар қарсаңында «Лауэ-Ланжевена институты» Еуропалық нейтрондық зерттеулер орталығының тұрақты қызметкері Валерий Несвижевскиймен кездесу өтті.
CERN халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Шарлотта Варакаулемен кездесу барысында елімізде ғылымды жан-жақты дамытуға бағытталған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан реформаларына жоғары баға берілді. Варакауле ханым Қазақстан басшысының ғылым және білім министрлігін екі бөлек ведомствоға бөлу, Ұлттық Ғылым академиясының мемлекеттік мәртебеде қайта жандануы, соңғы бірнеше жылда ғылымды қаржыландырудың бірнеше есе ұлғаюы сияқты дәйекті қадамдарын атап өтті және бұл қадамдар Қазақстанның ғылыми әлеуетін сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді деген үмітін білдірді.
Сапар барысында делегация RD51 және DRD1 ынтымақтастық зертханасында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, CERN басқару орталығына барды. NA62 эксперименттік аймағына бару барысында қазақстандық әріптестердің 2023 жылғы маусымда қол қойылған CERN, NA62 және ЯФИ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға толықтыру шеңберінде NA62 сессияларына белсенді қатысуы талқыланды. CMS ынтымақтастық жетекшісі – Патрисия Макбрайд ҚР ЭМ ЯФИ делегациясының мүшелерін CERN үлкен андрон коллайдерінің CMS (Compact muon Solenoid) әмбебап детекторының жұмысымен таныстырды.
Сапар соңында бас директор Саябек Сахиев еуропалық әріптестеріне қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Қазақстан түрлі халықаралық ынтымақтастық жұмыстарына белсенді қатысып жатқаны және CERN солардың қатарында екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінен CERN бас директоры Фабиоле Джанотти ханымға Қазақстанға жұмыс сапарымен келуге шақыру табыс етілді.
Осы күндері CERN-де (Женева) DUNE-дің кезекті бірлескен отырысы өтуде. Институт ғалымдары өршіл экспериментті іске асыру туралы істердің ағымдағы жағдайы және ынтымақтастық жоспарлары туралы пікірталастарға белсенді қатысуда. Жиын барысында ЯФИ бас директоры Саябек Сахиев ынтымақтастық жетекшісі Серхио Бертолуччимен (INFN) және Мэри Бишаймен (BNL) кездесті. Кездесу барысында Dune эксперименті үшін строу-детекторлар өндіретін алаң құру бойынша ИЯФ-тың ағымдағы жылға арналған алдағы жоспарлары талқыланды. Тараптар өзара іс-қимылға қанағаттанғанын және ынтымақтастық шеңберінде ғылыми байланыстарды одан әрі нығайтуға үміт білдірді.
Бұған дейін строу-трекер құрамына кіретін sand (System for on-Axis Neutrino Detection) детекторлық жүйелерінің бірі бойынша жұмыс жиналыстарының бірінде строу-трекер жобасының жетекшісі Роберто Петти (Оңтүстік Каролина Университеті) атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға арналған жоспарлар туралы баяндаған болатын. Ол өз баяндамасында Ядролық физика институты строу-түтіктерді өндіру және трекер модульдерін құрастыру бойынша негізгі орталық ретінде қарастырылатынына ерекше назар аударды.
Талқылау барысында кеңеске қатысушылар 2023 жылдың қыркүйегінде ынтымақтастыққа кірген Институтты жобаны іске асыру қарқынын ерекше атап өтті.
Ядролық физика институтының сайты: https://inp.kz/kz