Х. Досмұхамедов университеті дарындыларға білім грантын береді

Х. Досмұхамедов университеті дарындыларға білім грантын береді

Атырауда республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Дарындылар сайысына жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары қатысты. Х.Досмұхамедов университеті олимпиаданың жеңімпаздары үшін 15 білім грантын бөлді.

Атырау университетінің базасында өткен олимпиадаға өңірдегі білім береу мекемелерінде оқитын 750 оқушы қатысқан. Олардың арасында 361 оқушы жаратылыстану-математика, 389 шәкірт қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерден сынға түсті.

Олимпиаданың 2 турында оқушылар қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында ауызша және жазбаша түрде сынақ тапсырды.

«Х.Досмұхамедов университеті жылдағы дәстүр бойынша пәндік олимпиадада оза шыққан оқушыларға грант бөлді. Былтыр 10 грант бөлінген, биыл санын көбейтіп 15 жеңімпазға білім гарантын ұсынып отырмыз», - дейді оқу орнының академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асхат Шүкіров. Университет гранты мектеп бітіретін 11 сынып оқушыларына ғана беріледі.

Биылғы білімділер бәсекесіне Атырау облысының намысын қорғап, халықаралық, республикалық олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздары қазылық жасаған. Олардың қатарында Х.Досмұхамедов университетінің 3 курс студенті Нұрикамал Қылышбекте бар. Ол олимпиадада орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша күміс жүлдегер атанып, университетте грантпен оқып жүр.