«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Wabtec американдық корпорациясымен меморандум жасасты

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Wabtec американдық корпорациясымен меморандум жасасты

Бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының 30 жылдығына арналған форум аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Wabtec корпорациясымен ынтымақтастық туралы стратегиялық меморандумға қол қойды.

Westinghouse Air Brake Technologies (Wabtec) корпорациясы-инновациялық көлік шешімдерінің әлемдік көшбасшысы. Корпорация көлік саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерге белсенді инвестиция салады, инновациялар мен кадрларды даярлауды ынталандыру мақсатында білім беру және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтасады.

Тараптар мамандарды даярлау және қайта даярлау үшін өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын, оның ішінде халықаралық кеңселерде және Корпорация өндірісінде «Болашақ» стипендиаттарының тағылымдамадан өту мүмкіндігін айқындады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа жұмыс сапары аясында 2023 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасында көлік индустриясын дамыту мақсатында Wabtec компаниясының бас атқарушы директоры Рафаэль Сантанамен кездесуі өтті.