С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде (АтМГУ) бүгін Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу мақсаты – әріптестікті нығайту және білім- ғылым саласындағы ынтымақтастықты талқылау. Делегация АтМГУ базасында орналасқан мұнай музейін аралап, өңірдегі мұнай өнеркәсібінің бай тарихымен танысты.
Айта кету керек, ҚБТУ - AтМГУ сияқты мұнай-химия өнеркәсібі және өңдеу саласына кадр даярлайтын еліміздің жоғары оқу орындарының бірі. Екі университеттің ынтымақтастығы мұнай-газ және химия саласына білікті кадрларды қалыптастыруда өз жемісін бермек.
Сонымен қатар, өзара байланыс университеттер арасындағы білім мен тәжірибе алмасудың жаңа көкжиектерін ашады.