Toraighyrov University Эстония университетімен жаңа серіктестік орнатты

Toraighyrov University Эстония университетімен жаңа серіктестік орнатты

Торайғыров университеті Эстония жаратылыстану ғылымдары университетімен (EMU) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Торайғыров университеті шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа әрқашан қуанышты. Тек осылай ғана біз шынымен бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, оқытушыларымыздың құзыретін арттыра аламыз. Мұндай ынтымақтастық екі жаққа да пайдалы болатынына күмәнім жоқ», - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Тараптар арасындағы ынтымақтастық студенттер мен қызметкерлер үшін тәжірибе алмасуды, бірлескен зерттеу қызметін, семинарлар мен академиялық кездесулерге қатысуды, академиялық ақпараттармен бөлісу әрі жариялау қызметін көздейді.

Айта кетейік, EMU медициналық-биологиялық бағыттағы үздіктердің қатарына, THE тәуелсіз университеттер рейтингінің топ-850 және QS Халықаралық рейтингінің топ-500 кіреді.

Сондай-ақ, Эстония жаратылыстану ғылымдары университетінің ғалымы Арни Дэвид Ричард Торайғыров университетінің ауылшаруашылық ғылымдары факультетіне арналған дәрістер курсын жүргізде.