«Smart city Kyzylorda hackathon 2023» жеңімпаздарына университеттің білім гранты табысталды

«Smart city Kyzylorda hackathon 2023» жеңімпаздарына университеттің білім гранты табысталды

Қызылордада «SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2023» облыстық IT жобалар хакатоны өтті.

IT жобалар хакатонында «Әзірлеу», «Модельдеу», «Медиа және Білім» бағыттары қамтылды. Байқауға қатысуға 350 жас өтінім қалдырып, 120-ға жуық жоба қорғалды.

Байқау қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы №268 мектеп-лицей оқушысы Талап Әли «Медиа&Білім», Ә. Мүсілім атындағы №101 мектеп-лицей оқушысы Асылтас Шөментай «Модельдеу», Ж. Нұрманов атындағы №198 орта мектебінің оқушысы Зарина Азенова «Әзірлеу» бағытында жеңімпаз атанып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім грантына ие болды.

«IT жобалар хакатонына «Fed up» жобасын ұсынып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім грантын жеңіп алдым. Бүгінде IT cаласы қарқынды дамуда, яғни бәсекелестік өте жоғары. Ал Қазақстандағы робототехника саласы бойынша бәсекелестік әлі де аз. Осы мәселені шешу жолында «Fed up» жобасын қолға алдым. Байқаудың ұйымдастырушыларына алғысым шексіз. «Smart city Kyzylorda Hackathon 2023» облыстық IT жобалар хакатоны – жас стартаперлердің дамуына мүмкіндік беретін алаң»,- деді Талап Әли.

Мұнан бөлек, әр бағыт бойынша І орын иеленген Раушан Тұрғанбай, Жұлдызай Мұңайтбасова, Альмира Махамбетәлі, Төрехан Төлеген, Ернар Әбдіжалелұлына 150 000 теңгенің сертификаты табысталды. Сондай-ақ, ІІ орын иегерлері Ерсұлтан Жанболатұлы, Инабат Аймағамбетова, Өмірзақ Әділ мен Шыңғыс Абдуллаев 100 000 теңгені құрайтын қаржылай жүлделерді иеленді. Ал әр бағыт бойынша 50 000 теңгені Аягөз Құлахметова, Бекасыл Алдиар, Азамат Ибрагимов иеленді. Ынталандыру мақсатында 6 командаға Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторынан арнайы сыйлықтар берілді.