С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында 11-сынып оқушылары арасында химия пәнінен облыстық олимпиада өтті.
Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығы ұйымдастырған білім бәйгесіне 27 оқушы қатысты. Жүлделі орын алған оқушылар С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің білім гранттарын иеленді.
1-орын және 100% білім грантын Индер ауданы «Көктем» қазақ орта мектебінің оқушысы Азима Нугметова жеңіп алды. Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар 50% және 30% жеңілдікпен білім грантын иеленді.
Білім додасының мақсаты – даңқты мұнайшы, ғалым Сафи Өтебаевтың отандық ғылым мен техниканың дамуына қосқан үлесін дәріптеу, ғылыми мақалаларын насихаттау, оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру. Олимпиада барысында оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысы да жүргізілді.