Абай университетінде «Zoology of invertebrates» электронды оқу құралы әзірленді

Абай университетінде «Zoology of invertebrates» электронды оқу құралы әзірленді
Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзгерістер, атап айтқанда, мектептегі білім мазмұнын жаңарту мектеп пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін болашақ пән мұғалімдерінің тілдік дайындық мәселесін жандандырды.
Осы мақсатта Абай университетінің Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының оқытушылары Қ. И. Батырова, М. Б. Жақсыбаев, А. Д. Майматаева, М. Баженова студенттердің іс-әрекетінің барлық салаларында белсенді пайдаланылатын, зоология саласындағы қазіргі ғылыми идеялармен толық сәйкес келетін ағылшын тіліндегі «Zoology of invertebrates» («Омыртқасыздар зоологиясы») электронды оқу құралын әзірледі.
Электронды оқулықта кіріспе, омыртқасыздардың 25 түріне сипаттама, студенттердің өз бетімен жұмысына арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары, жануарлардың барлық түрлері бойынша анықтамалық материалдар, оқу фильмдері, көрнекті ғалымдардың пікірлері қамтылған.
Оқу құралында омыртқасыз жануарлардың анатомиялық және морфологиялық сипаттамаларын көрсететін зертханалық практикум қарастырылған.