ЕЛ ӨЗІНІҢ ӘРБІР БАТЫРЫН БІЛУІ КЕРЕК

ЕЛ ӨЗІНІҢ ӘРБІР БАТЫРЫН БІЛУІ КЕРЕК

Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың студенттері «Ел өзінің әрбір батырын білуі керек!» деген ұранмен акция өткізді. Акция XIX Азия ойындарына қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында Қостанай қаласының ішкі саясат бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Азия ойындарына Қазақстан атынан 27 олимпиадалық және үш олимпиадалық емес түрдегі 524 спортшы қатысуда. Құрама сапында Қостанайдан 11 спортшы өнер көрсетеді. Қостанайлық 6 балуан джиу-джитсу спорт түрінен ел намысын қорғайтын болады. Бәсеке 5 қазанда басталады.

Алдағы жарыстарда өнер көрсететін спортшыларға тек сәттілік тілейміз!