2023 жылғы Азия ойындарына Қарағанды Бөкетов университетінің үш студенті қатысуда.
Спорттық шараға қатысушылардың арасында дене мәдениеті және спорт факультетінің екі студенті бар: Дарья Ясинская – спорттық гимнастика, Екатерина Гаммер – баскетболшы, сонымен қатар компьютерлік ойындарға негізделген заманауи бағыт – киберспорт бойынша математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Жандәулет Жақсыбай.
Бүгінгі таңда Қазақстанның спорттық гимнастикадан әйелдер құрамасы 2023 жылғы Азия ойындарында командалық көпсайыста 6 орынға ие болды.
Дарья Ясинская тіреліп секіруден 13.000 нәтижемен, еркін жаттығудан 12 663 ұпаймен финалист атанды.