Бүгін Қозыбаев университеті мен Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті (ҚХР) арасында студент алмасу туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес Қытайдың жетекші агротехникалық университетінен Петропавлға 13 студент келіп үлгерді. Сондай-ақ, қыркүйек айында ҚХР университетіне 11 қазақстандық студент баруы жоспарлануда.
Ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру жолының басы делегацияның 2023 жылғы шілдедегі сапары кезінде КБО-ға жоғары дәлдіктегі зертханалық жабдықты сыйға тарту болды. Сондай-ақ Қытай тарапының қолдауымен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және жаңа зертханалар ашу бойынша СҚУ базасында Агробіліктілік ғылыми орталығын ашу туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Еске салайық, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Жібек жолы ауылшаруашылық білім және ғылыми инновациялар альянсына қосылды. Бұл Альянсқа 10-нан астам елдің ғылыми және оқу орындарының өкілдері кіреді. Альянстың негізгі мақсаты – білім беруді интернационалдандыру, ғалымдардың ғылыми әлеуетін нығайту, тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми және жобалық іс-шаралар.
Қозыбаев университетінің базасында Агротехнопарк ашылып, онда біздің ғалымдар Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің ғалымдарымен бірлесе отырып, дақылдардың сорттарын сынау саласында бірлескен зерттеулер жүргізуде.