ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНІҢ 50 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ BAITURSYNOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ АТАНДЫ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНІҢ 50 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ BAITURSYNOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ АТАНДЫ
BAITURSYNOV UNIVERSITY жаңа оқу жылын оң көңіл-күймен қарсы алды: Қостанай облысы колледждері мен мектептері түлектерінің 50 пайыздан астамы Ахмет Байтұрсынұлы есімімен мақтанышпен аталатын ірі өңірлік жоғары оқу орнының студенттері атанды.
Бүгін, 1 қыркүйек, Білім күні, кешегі 2600 талапкер салтанатты жағдайда алғаш рет студенттер мәртебесінде университеттің табалдырығын аттады. Жаңадан қабылданған студенттер арасында «Алтын белгі» иегерлері, түрлі олимпиадалардың жеңімпаздары, спорттық жарыстардың жүлдегерлері, мемлекеттік грант иегерлері және «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқитын студенттер бар. Білім алушылардың географиясына келетін болсақ, мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен студенттер оқиды. Сонымен қатар, BAITURSYNOV UNIVERSITY - де жақын және алыс шетелдердің 7 елінен-Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Грузия, Үндістан, Германия және Нигериядан студенттер оқиды.
Жыл бойы университет ұжымы қабылдау науқанымен белсенді айналысты: талапкерлермен тікелей кездесулер, тікелей эфирлер өткізілді. Нәтижесінде-өткен жылмен салыстырғанда талапкерлер мен студенттердің 20% - ға артқаның көре аламыз.
Айта кету керек, университет 140 білім беру бағдарламасы бойынша оқытады. Биылғы оқу жылында Дүниежүзілік банктің «Қазақстан Республикасының педагогикалық әлеуетін күшейту» жобасына қатысатын екі білім беру бағдарламасы – мектепке дейінгі білім беру және бастауыш білім беру бойынша алғашқы қабылдау өткізілді.
Алда жаңа оқу жылы, ал университет ұжымы алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қойып отыр. Ең бастысы-сұранысқа ие мамандарды даярлау сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.