Ualikhanov University жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін талқылады

Ualikhanov University жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін талқылады
Көкшетаудағы Ualikhanov University-де БАҚ өкілдері үшін ақпараттық таңғы ас өтті. Кездесу тақырыбы "Ualikhanov University жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы"болды.
Шақырылған қонақтар тізімінде Ақмола облысының танымал блогерлері, Көкшетау және Астана қалаларының журналистері, Алматы қаласының фотожурналистері болды.
Университет ректоры Сырлыбаев М.Қ университеттің соңғы жетістіктері мен даму перспективалары туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол С. Сәдуақасов атындағы агротехникалық институттың 4 курс студенті Оспанова Меруертті суға батып бара жатқан адамды құтқарғаны үшін " Ualikhanov University" 1 дәрежелі медалмен марапаттады. Университеттің бірінші проректоры Байтұқ Ғ.С жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтып берді. Сонымен қатар университет қабырғасында жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілді.
Соңында университет ішінде, жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан жатақхана бойынша экскурсия өткізілді.
Бүгінгі таңда Ualikhanov University-де 4 факультетте 7000-нан астам оқушы оқиды. Биыл ЖОО 1347 грант алды, сондай-ақ студенттерді коммерциялық негізде қабылдайды. ЖОО-да 365 орындық 5 студенттік жатақхана бар. Қонақ үйлермен және жатақханалармен келісімшарттар жасалды. "Көкшетау" қонақ үйімен жоғары курс студенттері үшін 150 орынға келісімшарттар жасалды. Бір төсек-орын құнының жартысын университет субсидиялайды.