Абай университетінен керемет жаңалық! Ғылыми жобаларға гранттар алуда үлкен жетістікке қол жеткізілді. 2023-2025 жылдарға арналған ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруға арналған конкурстардың Ұлттық ғылыми кеңестері Абай университетінің 15 жобасын бағалап, лайықты деп таныды.
Нәтижесінде Абай университетінің ғалымдары келесі бағыттар бойынша гранттарды жеңіп алды:

Білім және ғылым саласындағы зерттеулер – 8 жоба;

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар – 5 жоба;

Геология, минералдық және көмірсутекті шикізатты өндіру және өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар саласындағы зерттеулер – 1 жоба;

Жаратылыстану саласындағы ғылыми зерттеулер – 1 жоба.
Жоба жетекшілері: Алма Әбілқасымова, Қастер Сарқытқан, Гүлнұр Байшукурова, Әлия Сералиева, Айгүл Ахметова, Болат Жұмағұлов, Анатолий Купчишин, Рыстыгүл Бақыткәрім, Жазира Жұмабаева, Айгүл Жұмабекова, Динара Садирбекова, Айнагүл Таутенбаева, Айгерім Көшербаева, Бақытжан Ахметов және Марфуға Абсатова.