Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылдың 1 қаңтарында ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18 пайыз артты. Мұнан бөлек, 2024 жылдың 1 қаңтарынан тағы 18 пайызға, ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан 17 пайызға көбейетін болады.
Биылдан бастап ғылыми атақ болған кезде мынадай мөлшерде үстемеақы белгілеу көзделіп отыр:

Ғылым кандидаты, философия докторы және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 25 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК);

Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 42 еселенген АЕК (бұрын 34 АЕК);

Ғылым кандидаты, философия докторы, бейіні бойынша доктор, ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессор үшін 50 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК).