«Ғылым Қоры» АҚ «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың өткізілетінін хабарлайды.
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша кеңесті 2023 жылғы маусымның 1-нен бастап маусымның 30-ы аралығында +7(7172)76-85-78 (Сәкен Ә.), 26-63-59 (Керимбаев А.Р.), 76-85-76 (Омаров К.К.) телефондары бойынша (жұмыс күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Астана қ. уақыты бойынша), сондай-ақ маусымның 2-нен бастап маусымның 29-ы аралығында онлайн конференциялар арқылы (сілтеме: Zoom конференциясының идентификаторы: 870 285 8115, қосылу коды: 2023) жұмыс күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін алуға болады.