Жас зерттеушілерге арналған Тілдік даярлау бағдарламасына қатысуға конкурс: Франция сіздер үшін өз есігін ашады!

Жас зерттеушілерге арналған Тілдік даярлау бағдарламасына қатысуға конкурс: Франция сіздер үшін өз есігін ашады!

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» («Болашақ») акционерлік қоғамы және Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасындағы үшжақты ынтымақтастық шеңберінде «Болашақ»  бағдарламасы бойынша академиялық оқуға немесе тағылымдамаға түсуді жоспарлап отырған жас зерттеушілерге арналған Тілдік даярлау бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады.

📌Қатысу шарттары:
🔻жас шегі 35 жасқа дейін
🔻инженерлік-техникалық бағыты бойынша бакалавр дипломы
🔻GPA 3.0/4.0 кем емес
🔻инженерлік-техникалық мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем емес
Басымды бағыттар: ауыл шаруашылығы, инженерлік-техникалық сала, ядролық және жаңғырмалы энергиялар, телебайланыс, информатика және IT.
🔻кәсіпорында тағылымдамадан өтуге немесе «Болашақ» бағдарламасы арқылы магистратурада оқуға ынталы инженерлік-техникалық бағыттағы мамандар (мамандықтар тізімі: https://bolashak.gov.kz/ru/pretendentu/specialnosti және https://bolashak.gov.kz/.../specialnosti-dlya-stazhirovok)
📑Өтінімді беру үшін, келесі құжаттарды PDF форматында contact-scac.astana-amba@diplomatie.gouv.fr мекенжайына жіберу қажет:
🔻түйіндеме
🔻қосымшамасымен бірге бакалавр дипломының көшірмесі
🔻еңбек өтілі көрсетілген еңбек кітапшасы
🔻уәждемелік хат (тілдік даярлау сізге не үшін қажет).
⏰Конкурс 2023 жылғы 25 маусымға дейін өтеді.
📥Бағдарламаға қатысты барлық сұрақтар бойынша Алиби Байтурин («Болашақ» ХБО: baiturin_a@bolashak.gov.kz), немесе Ксавье Ле Торривеллек мырзаға (Францияның Қазақстандағы Елшілігі: xavier.le-torrivellec@diplomatie.gouv.fr ) жүгінуге болады.