НЬЮ-ДЕЛИДЕ ШЫҰ ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

НЬЮ-ДЕЛИДЕ ШЫҰ ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Нью-Делиде (Үндістан) Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің XVI отырысы өтті. Басқосуда тараптар ШЫҰ Жастар кеңесінің Ұлттық бөлімдерінің 2022-2023 жылдардағы қызметі туралы ақпарат алмасты. 
 
Жиынға еліміздегі студенттердің құқықтары жөніндегі омбудсмен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Айсұлу Ерниязова қатысты. Ол өз сөзінде келесі жылы Қазақстанның ШЫҰ төрағалық ететінін атап өтіп, жиынға қатысушыларды елімізге шақырды. 
 
Жалпы, конференция аясында ШЫҰ мүше елдердің жас делегаттарының пікірталасқа белсенді қатысқаны атап өтілді.