МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҚ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ БАС ХАТШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҚ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ БАС ХАТШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

2023 жылғы 22 ақпанда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Азиядағы бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Кеңеске мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің серіктестік желісін құру жөніндегі тұжырымдама мен жол картасының жобасын қарады.

Сондай-ақ, студенттердің өңірлік академиялық ұтқырлығын дамыту, ғылыми қоғамдастықты нығайту, АӨСШК елдерінің біліктілігін тану бойынша халықаралық конференция өткізу мүмкіндігі мәселелері сөз болды.