УНИВЕРСИАДА-2023: ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНДА ҮШІНШІ АЛТЫН МЕДАЛЬ

УНИВЕРСИАДА-2023: ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНДА ҮШІНШІ АЛТЫН МЕДАЛЬ

Қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлубеков Лейк-Плэсидте өтіп жатқан Универсиадада топ жарып, жеңімпаз атанды.  Бұған дейін «алтынды» биатлоншы Вадим Куралес пен шаңғышы Данил Васильев жеңіп алған болатын.

10 шақырымдық спринтте Бекентай Тұрлубеков екі атыс шебінде бірде-бір қателік жібермей, америкалық Бьорн Уестервельтті озып, үздік көрсеткіш көрсетті.

Тағы бір қазақстандық – Александр Мухин қола жүлденің иегері атанды. Сондай-ақ, үздік бестікке Кирилл Бауэр мен Вадим Куралес енді.

Осылайша, Қазақстан қоржынында үш алтын және бір қола жүлде бар. Бұл біздің құрамаға медальдық есепте үздік үштікке кіруге мүмкіндік берді.