ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі – студенттік омбудсмен болып Айсұлу Ерниязова тағайындалды. Ол министрлікте студенттердің құқықтарын қорғаумен айналысады.

Айсұлу Ерниязова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, журналистика магистрі.

А. Ерниязованың әлеуметтік және білім беру салаларында қоғамдық жұмыспен айналысқан қомақты тәжірибесі бар.

Сонымен қатар, Айсұлу Ерниязова «AMANAT» партиясының республикалық Саяси Кеңесінің және Ұлттық құрылтайдың мүшесі.
«Шапағат» және «Халық алғысы» мемлекеттік наградаларының, «Алтын барыс» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері; «Үздік ерікті» номинациясының жеңімпазы, «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты.