ТҮРКИЯДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ТҮРКИЯДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

 
1 қарашада ТҮРKСОЙ жетекшілігімен Ыстамбұл қаласында (Түркия) Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі өркениеті» атты ғылыми конференция өтті.

Шараны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырды.

«Ахмет Байтұрсынұлы – түркі халықтарына ортақ ұлы тұлға. Оның ілімі халықаралық ғылыми кеңістікте, әсіресе, түркі әлеміндегі гуманитарлық ғылымдарда реформаторлық идеяларымен ерекшеленеді», – деп  атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов.