1 ҚАРАШАДАН БАСТАП МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ТІРКЕУ БАСТАЛАДЫ

1 ҚАРАШАДАН БАСТАП МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ТІРКЕУ БАСТАЛАДЫ

1 қарашадан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталады. Тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2022 жылғы 18 қарашаға дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.

Тіркелу кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (18 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады. Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 22 қарашада қолжетімді болады.

«Кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады», – деп түсіндірді ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.