Білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде министр Саясат Нұрбектің Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымның Бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында білім беру саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру және тілдерді оқыту әдістемесін жетілдірудің бағыттары бойынша пікір алмасу өтті. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру, орыс тілін оқыту әдістемесі мен білім беру мазмұнын дамыту мәселелері талқыланды. Осы бағытта халықаралық тәжірибені зерделеу, сараптамалық пікір алмасу және озық әдістемелік тәсілдерді қарастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, әдістемелік әлеуетті дамыту және жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері қаралды. Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және басқа да бейінді жоғары оқу орындарымен кәсіби байланыстарды одан әрі дамыту ұсынылды.

Жалпы кездесу сындарлы пікір алмасу форматында өтіп, білім беру және әдістемелік бағыттардағы өзара тәжірибе алмасуды жалғастыруға, сараптамалық байланыстарды дамытуға және бірлескен жобаларды қарастыруға өзара мүдделілік білдірілді.