ЖИ, EdTech және бірлескен зерттеулер: қазақстандық университет SeoulTech-пен ынтымақтастық орнатты

ЖИ, EdTech және бірлескен зерттеулер: қазақстандық университет SeoulTech-пен ынтымақтастық орнатты

ЖИ, EdTech және бірлескен зерттеулер: қазақстандық университет SeoulTech-пен ынтымақтастық орнатты

Мемлекет басшысының Корея Республикасына мемлекеттік сапары және «Орталық Азия – Корея Республикасы» (C5+1) форматындағы алғашқы саммит аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің (SeoulTech) президенті Ким Дон Хванмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар ғылым, жоғары білім және кадр даярлау салаларындағы Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективалы бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, заманауи цифрлық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу және бірлескен білім беру мен ғылыми-зерттеу бастамаларын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесудің негізгі практикалық нәтижесі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен SeoulTech арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды.

Меморандум екі университет арасында ұзақ мерзімді ғылыми-білім беру серіктестігін қалыптастыруға негіз қалайды және бірқатар басым бағыт бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыруды көздейді. Атап айтқанда, тараптар жасанды интеллект және цифрлық білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, STEM/STEAM бағыттарындағы білім беру бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға, заманауи EdTech шешімдерін әзірлеу және енгізуге, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға ниетті. Сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге, ғылыми және білім беру тәжірибесімен алмасуға, бірлескен іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ білім алушылардың кәсіби және академиялық дамуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ерекше көңіл бөлінеді.

Министр Саясат Нұрбек Корея Республикасының жетекші университеттерімен серіктестікті дамыту Қазақстанның білім беруді цифрлық трансформациялау, жоғары білікті мамандар даярлау және озық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу бағытындағы стратегиялық басымдықтарына сәйкес келетінін атап өтті.

«Кореяның жетекші университеттерімен ынтымақтастық адами капиталды дамытуға, заманауи білім беру технологияларын енгізуге және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер береді. Мұндай серіктестіктің нақты практикалық мазмұнға ие болуы және студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруы аса маңызды», – деп атап өтті министр.

Өз кезегінде тараптар университетаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және елдер арасындағы академиялық әрі ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Меморандумға қол қою – Қазақстан мен Корея арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы кезекті практикалық қадам. Құжат білім мен технологиялар алмасуға, сондай-ақ озық білім беру тәжірибелерін бірлесіп енгізуге қосымша мүмкіндіктер ашады.