ЕҰУ мен ABEEK инженерлік білім беру саласында ынтымақтастық орнатты

ЕҰУ мен ABEEK инженерлік білім беру саласында ынтымақтастық орнатты

ЕҰУ мен ABEEK инженерлік білім беру саласында ынтымақтастық орнатты

Бүгін Сеул қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары және «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Кореяның инженерлік білім беруді аккредиттеу кеңесі (Accreditation Board for Engineering Education of Korea, ABEEK) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Рәсім барысында ЕҰУ Басқарма төрағасы – ректоры Ерлан Сыдықов пен ABEEK Президенті У Сын Ким Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, тараптар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашты. Меморандум инженерлік және IT-білім беру, білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу, кәсіби тәжірибе алмасу және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бағыттарындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

ABEEK – инженерлік білім беру бағдарламаларын аккредиттеу саласында халықаралық деңгейде танылған ұйымдардың бірі. ЕҰУ үшін ABEEK-пен ынтымақтастық инженерлік және IT-білім беру сапасын арттыруға, білім беру бағдарламаларын халықаралық талаптарға сәйкестендіруге және сапаны қамтамасыз етудің озық тәсілдерін енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл өзара іс-қимыл университет түлектерінің біліктілігін халықаралық деңгейде тануды күшейтуге ықпал етеді.

Меморандумға қол қою ЕҰУ-дің халықаралық серіктестік аясын кеңейтіп, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Тараптар жоғары білім сапасы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілікке қойылатын заманауи талаптарға сәйкес ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екенін білдірді.