Қазақстан мен Малайзия жоғары оқу орындары академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Малайзия жоғары оқу орындары академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Малайзия жоғары оқу орындары академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) Малайзия халықаралық ислам университетінің (International Islamic University Malaysia, IIUM) профессорлары мен 28 студентінен құралған делегацияны қабылдады.

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған сапар Қазақстан мен Малайзия арасындағы білім беру, ғылыми-зерттеу және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Бағдарлама шеңберінде профессорлар мен студенттердің қатысуымен дәрістер, практикалық сабақтар, ғылыми пікірталастар және тәжірибе алмасу кездесулері өтіп жатыр. Сәулет, тарихи-мәдени мұраны сақтау, цифрлық құжаттандыру, сондай-ақ сәулет нысандарын зерттеудің заманауи әдістерін қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Сапардың негізгі бағыттарының бірі – KazGASA және IIUM студенттері мен профессор-оқытушылар құрамының Қазақстанның сәулет және тарихи-мәдени мұрасын бірлесіп зерттеуі. Халықаралық зерттеу тобы Жаркент қаласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Қазақстанның бірегей сәулет ескерткіштерінің бірі – Жаркент мешітін зерделеп жатыр.

Зерттеу барысында қатысушылар нысанның сәулеттік-кеңістіктік ерекшеліктерін, тарихи және мәдени құндылығын, сондай-ақ оны сақтау мен зерделеудің заманауи тәсілдерін қарастырады. Бірлескен далалық жұмыс студенттердің теориялық білімін тәжірибеде қолдануына және халықаралық зерттеу тәжірибесін меңгеруіне мүмкіндік береді.

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламалары – жоғары білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі. Мұндай бастамалар студенттер мен оқытушылардың академиялық тәжірибесін кеңейтуге, зерттеушілік құзыреттерді дамытуға, мамандар даярлау сапасын арттыруға және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын халықаралық ғылыми ортада танытуға мүмкіндік береді.