Study in Kazakhstan: ҚарИУ-да 70-тен астам шетелдік студент білім алады

Study in Kazakhstan: ҚарИУ-да 70-тен астам шетелдік студент білім алады

Study in Kazakhstan: ҚарИУ-да 70-тен астам шетелдік студент білім алады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі іске асыратын «Study in Kazakhstan» жобасы аясында шетел азаматтарына Қазақстанның жоғары оқу орындары, білім беру бағдарламалары, оқуға түсу және білім алу шарттары туралы ақпарат беріледі.

2026-2027 оқу жылында Қарағанды индустриялық университетінде жоба аясында оқуға түскен 70-тен астам шетелдік студент білім алады. Олар Әзербайжан, Беларусь, Мысыр, Йемен, Кения, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан азаматтары.

Шетел азаматтары бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларына қабылданды. Университетке ақылы негізде 27 бакалавр, 16 магистрант және 12 докторант қабылданған.

Шетелдік студенттер энергетика, инженерия, ақпараттық технологиялар, химия, экология, экономика және басқару салаларындағы білім беру бағдарламаларын таңдаған.

«Study in Kazakhstan» жобасы Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін шетелде танытуға және шетелдік талапкерлерге еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге бағытталған. Шетел азаматтары білім берудің әртүрлі деңгейлері мен даярлау бағыттары бойынша оқуға түсе алады.

Қарағанды индустриялық университеті өнеркәсіп, инженерия, технологиялар, экономика және басқару салалары бойынша кадрлар даярлайды. Шетелдік білім алушылар географиясын кеңейту – Қазақстанның жоғары білім беру ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығын дамыту бағыттарының бірі.