Ғылым және жоғары білім министрі Чехия Елшісімен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Ғылым және жоғары білім министрі Чехия Елшісімен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Ғылым және жоғары білім министрі Чехия Елшісімен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Бүгін Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Чех Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Павол Шепелякпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар жоғары білім, ғылым және инновациялар салаларындағы Қазақстан-Чехия ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Жоғары білікті кадрлар даярлау, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Чех Республикасының Елшісі Павол Шепеляк Чехия тарапының екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және білім беру мен ғылыми-инновациялық экожүйені дамытуға бағытталған жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Чехия арасында студенттерді баламалы негізде өзара алмасу туралы ведомствоаралық келісімге қол қою перспективаларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, тиісті құжатқа келесі кездесу аясында қол қою мүмкіндігі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғары білім, ғылым және инновациялар салаларындағы Қазақстан-Чехия серіктестігін нығайту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады. Бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыру Қазақстанның білім беру және ғылыми әлеуетін одан әрі дамытуға, оның білім, зерттеулер және инновациялар саласындағы өңірлік орталық ретіндегі позициясын нығайтуға, сондай-ақ жаһандық экономиканың заманауи талаптарына сай келетін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауға ықпал етеді.