ӘСКЕРИ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ПЕН ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТЕДІ

ӘСКЕРИ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ПЕН ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТЕДІ

ӘСКЕРИ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ПЕН ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТЕДІ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында өткен Қазақстан Республикасы әскери арнаулы оқу орындары қауымдастығының отырысына қатысты.

Отырысқа Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әскери арнаулы жоғары оқу орындарының басшылары жиналды.

Отырыс барысында әскери арнаулы жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі дамыту, кадр даярлауды жетілдіру, академиялық ұтқырлықты кеңейту, сондай-ақ білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.

Заманауи білім беру траекторияларын дамытуға, оның ішінде қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыруға ерекше назар аударылды. Мұндай формат білім алушыларға бірнеше бағыт бойынша құзыреттер қалыптастыруға және құқық қорғау органдары жүйесі мен басқа да мемлекеттік құрылымдарда сұранысқа ие мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіровпен өткен жеке кездесу аясында Академияның жетекші қазақстандық және шетелдік ұйымдармен, оның ішінде Еуропалық жария құқық ұйымымен (European Public Law Organization, EPLO) халықаралық білім беру және ғылыми ынтымақтастығын кеңейту перспективалары талқыланды.

Тараптар бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру, құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлау, профессор-оқытушылар құрамы мен зерттеушілерді тарту, сондай-ақ академиялық ұтқырлықты дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.

Сондай-ақ Академия базасында шетелдік университет филиалын ашу және зерттеу бағытын дамыту мәселелері қаралды. Мұндай бастамаларды іске асыру білім алушылардың халықаралық білім беру стандарттарына, заманауи зерттеу тәжірибелері мен озық технологияларға қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Бүгінде жоғары білім беру жүйесінің алдында мамандар даярлаумен ғана шектелмей, оларға заманауи мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес келетін икемді білім беру траекторияларын қалыптастыру міндеті тұр. Арнаулы жоғары оқу орындарының қазақстандық және шетелдік университеттермен өзара іс-қимылы, қос дипломды бағдарламалар мен академиялық ұтқырлықты дамыту кадр даярлаудың жаңа сапасын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Саясат Нұрбек.

Әскери арнаулы оқу орындары мен университеттер арасындағы әріптестікті дамыту құқық қорғау жүйесінің қажеттіліктерін, ғылыми-технологиялық даму міндеттерін және қазақстандық білім берудің халықаралық интеграциясын ескере отырып жалғасады.