ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНДА ӘСКЕРИ ЖӘНЕ АРНАУЛЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕРБЕСТІГІН КЕҢЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНДА ӘСКЕРИ ЖӘНЕ АРНАУЛЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕРБЕСТІГІН КЕҢЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНДА ӘСКЕРИ ЖӘНЕ АРНАУЛЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕРБЕСТІГІН КЕҢЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24 тамызда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасы Әскери арнаулы оқу орындары қауымдастығының отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров, сондай-ақ елдегі әскери және арнаулы жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Отырыстың негізгі тақырыбы әскери арнаулы оқу орындарының (ӘАОО) академиялық дербестігін одан әрі кеңейту болды.

Кездесу барысында қатысушылар ведомстволық білім беруді дамыту, білім беру процесін жетілдіру, академиялық ұтқырлықты кеңейту және жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.

«Академиялық дербестік – бұл жоғары оқу орындарының өкілеттіктерін кеңейту ғана емес, сонымен қатар кадрлар даярлау сапасына деген жауапкершілікті арттыру. Әскери арнаулы оқу орындары үшін білім беру процесін неғұрлым икемді қалыптастыруға, академиялық ұтқырлықты дамытуға және басқа жоғары оқу орындарымен жүйелі өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау аса маңызды. Бұл әскери және құқық қорғау салаларына кадрлар даярлаудың ерекшелігін сақтай отырып, ӘАОО-ларды елдің бірыңғай академиялық кеңістігіне ықпалдастыруға мүмкіндік береді», – деді Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Қатысушылар кадрлар даярлау сапасын арттырудың негізгі құралдарының бірі ретінде академиялық ұтқырлықты дамытуға ерекше назар аударды.

Академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін кеңейту ӘАОО білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамына басқа жоғары оқу орындарында білім алуға, тағылымдамадан өтуге, алмасу бағдарламаларына қатысуға, озық тәжірибемен алмасуға және басқа білім беру ұйымдарының ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Маңызды бағыттардың бірі – жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту. Оның ішінде білім беру бағдарламаларын бірлесіп іске асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және білім алушылардың кәсіби дамуына қосымша мүмкіндіктер жасау көзделеді.

Сондай-ақ әскери және құқық қорғау салаларына кадрлар даярлаудың ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін неғұрлым икемді қалыптастыруға жағдай жасау мәселесіне назар аударылды.

Академиялық дербестікті дамыту аясында ӘАОО-лардың білім беру қызметтерін көрсету мүмкіндіктерін кеңейту, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес ақылы білім беру қызметтерін көрсету мәселесі қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша академиялық дербестікті кеңейту әскери арнаулы оқу орындарына білім беру қызметін дамытудың бағыттарын неғұрлым тиімді айқындауға, басқа жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыстарды нығайтуға, академиялық ұтқырлықты дамытуға және білім алушылар мен оқытушылардың кәсіби әрі академиялық дамуына қосымша мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Академиялық ұтқырлықты, жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту және академиялық дербестікті кеңейту – қазіргі заманғы жоғары білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Бұл бағыттар мемлекеттік талаптар мен әскери және құқық қорғау салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, мамандар даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.