ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТЫП ЖАТЫР

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТЫП ЖАТЫР

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТЫП ЖАТЫР

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Гюнай Эфендиевамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі елдің жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруға, қос дипломды бағдарламаларды дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжан университеттері арасындағы тікелей байланысты нығайтуға ерекше назар аударылды.

Бүгінде Қазақстанның 66 және Әзербайжанның 51 жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық туралы 206 келісімшарт бар. Өзара іс-қимыл студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын, ғылыми және педагогикалық тәжірибе алмасуды, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді, білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруды, тағылымдамалар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастыруды қамтиды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – академиялық ұтқырлық. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның 22 жоғары оқу орнынан 248 студент Әзербайжанның жоғары оқу орындарында білім алды. Өз кезегінде Әзербайжаннан 59 студент Қазақстанның алты жоғары оқу орнында академиялық ұтқырлық аясында оқыды.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның 56 жоғары оқу орнында Әзербайжанның 351 азаматы білім алуда. Білім беру саласындағы өзара іс-қимыл бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерін қамтиды. Сонымен қатар Қазақстанның 11 жоғары оқу орнында Әзербайжаннан келген 30 маман оқытушылық қызметке тартылған.

Бірлескен білім беру және халықаралық жобалар аясындағы ынтымақтастық та дамып келеді. Қазақстанның екі жоғары оқу орны Әзербайжанның екі университетімен бірлесіп үш халықаралық жобаны жүзеге асырып жатыр. Сондай-ақ Қазақстанның екі жоғары оқу орны Баку мемлекеттік университетімен бірлесіп бакалавриат және магистратура деңгейлерінде екі қос дипломды бағдарламаны іске асыруда. Бұл бағдарламалар бойынша 43 студент білім алады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар академиялық және ғылыми байланыстарды одан әрі кеңейтуге, бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға және Қазақстан мен Әзербайжан университеттері арасында жаңа бастамаларды іске асыруға дайын екенін атап өтті.