Қазақстан мен Корея ақпараттық қауіпсіздік бойынша қос диплом бағдарламасын іске қосады

Қазақстан мен Корея ақпараттық қауіпсіздік бойынша қос диплом бағдарламасын іске қосады

Қазақстан мен Корея ақпараттық қауіпсіздік бойынша қос диплом бағдарламасын іске қосады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Seoul Cyber University (SCU) басшылығымен кездесуінде кореялық университет пен Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті (АГЭУ) арасындағы серіктестікті дамыту мәселесі атап өтілді.

АГЭУ мен Seoul Cyber University арасындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы халықаралық білім беру байланыстарын дамытудың нақты мысалдарының бірі. 2025 жылғы желтоқсанда екі университет өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, жоғары білім беру саласындағы стратегиялық серіктестіктің негізін қалады.

Қол жеткізілген келісімдер аясында АГЭУ мен Seoul Cyber University бакалавриат деңгейінде «Ақпараттық қауіпсіздік және жасанды интеллект» (6B06107) білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломды бірлескен бағдарламаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Бағдарлама қазақстандық студенттердің халықаралық білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Студенттер екі университетте білім алып, олардың академиялық және білім беру ресурстарына қол жеткізеді, сондай-ақ АГЭУ мен Seoul Cyber University дипломдарын иеленеді.

Оқу үдерісін 1+2+1 моделі бойынша ұйымдастыру жоспарланып отыр, студенттер бірінші және төртінші курстарды АГЭУ-де, ал екінші және үшінші курстарды Seoul Cyber University-де оқиды. Бұл формат студенттерге екі академиялық ортада білім алып, халықаралық кәсіби байланыстарын кеңейтуге, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

АГЭУ мен Seoul Cyber University арасындағы серіктестік заманауи халықаралық білім беру форматтарын, академиялық ұтқырлықты дамытуға және ақпараттық қауіпсіздік, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласында жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған.