Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою.

Басқарманың бір бағыты-қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау. Бүгінгі күнге 29 143 қаңғыбас ит пен 748 мысық ауланып, олардың 1 245 ит және 136 мысық иелеріне қайтарылды.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес және Алматы облысы мәслихатының 2019 жылғы 31 шілдедегі №51-257 шешімімен бекітілген "Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларына" сәйкес, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысын облыстық аудандары мен қалаларының ветеринариялық станциялары жүзеге асырады.

Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде) иелерімен ғимараттардың жанында уақытша байлап қалдырған ит, мысықтардан басқа, атап айтқанда ілесіп жүретін тұлғасыз, бос жүрген иттер мен мысықтар аулауға жатады.

Аталған Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Кодексінің 408-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылу қарастырылған

Алматы облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметі бойынша облыс аумағында 2020 жылы қаңғыбас иттермен мысықтардың адамдарды тістеу 4 248 жағдайы тіркелді (2018 жылы 7 107 жағдай, 2019 жылы 7 334 жағдай).

Адамзат баласы асырап алған әр жануарға жауап беретінін ескертеміз! Жауапты болуға шақырамыз.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысы бойынша аудандар мен қалалардың ветеринарлық станцияларының тізімі.

Аудан атауы жеке тел нөмірі жұмыс номері
1 Ақсу ауданы 87784415311 8-7283-22-94-43
2 Алакөл ауданы 87783393703  87718642363 8-7283-32-20-34
3 Балхаш ауданы 87714099278 8-7277-39-15-02
4 Еңбекшіқазақ ауданы 87476246242 8-7277-57-02-85                        8-7277-57-02-86
5 Ескелді ауданы 87078280730 8-7283-63-12-74
6 Жамбыл ауданы 87475217119 8-7277-02-04-24
7 Іле ауданы 87076391711 8-7273-85-60-16
8 Қарасай ауданы 87076399993 87762013708 8-7277-15-61-88
9 Қаратал ауданы 87052401559 8-7283-44-15-46
10 Кеген ауданы 87006851842 8-7277-72-00-35
11 Кербұлақ ауданы 87051871315 8-7284-03-10-61
12 Көксу 87788012188 8-7283-82-04-72
13 Панфилов ауданы 87768077887 8-7283-15-06-62
14 Райымбек 87751803801 8-7277-92-20-35
15 Саркан ауданы 87011688219 8-7283-92-18-02
16 Талғар ауданы 87025526192 8-7273-88-20-33
17 Ұйғыр ауданы 87476216689 8-7277-82-21-72
18 Қапшағай қаласы 87058795685 8-7277-22-80-77
19 Талдықорған қаласы 87022565582 8-7282-39-00-08
20 Текелі қаласы 87087651710 8-7283-54-65-07