БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Комиссия құрамына қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсіподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Олар талапкерлердің өтініштерін қарады. Бұдан әрі талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдары мен бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалады.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам өтінім берілді. Талапкерлердің басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарды таңдаған. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтер және мұғалімдер арасында бір гранттық орынға ең жоғары конкурс күтіледі.

Конкурстық іріктеудің қорытындысы министр Саясат Нұрбектің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.