Anhalt International University: мемлекеттік білім беру грантына құжаттар 10 тамызға дейін қабылданады

Anhalt International University: мемлекеттік білім беру грантына құжаттар 10 тамызға дейін қабылданады

Anhalt International University: мемлекеттік білім беру грантына құжаттар 10 тамызға дейін қабылданады

Қазақстандық талапкерлер Anhalt International University-ге мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға түсуге қосымша мүмкіндік алды. Құжат қабылдау мерзімі 2026 жылғы 10 тамызға дейін ұзартылды.

Anhalt International University – Алматы қаласында орналасқан Германиядағы Hochschule Anhalt қолданбалы ғылымдар университетінің филиалы. Студенттер Қазақстанда білім алып, оқу бағдарламасын аяқтағаннан кейін екі дипломға – қазақстандық және неміс дипломдарына ие болады.

Мемлекеттік білім беру гранттары «Электротехника және ақпараттық технологиялар» мен «Биомедициналық инженерия» білім беру бағдарламалары бойынша ұсынылады. Оқу үдерісі толығымен ағылшын тілінде, Германия оқытушыларының қатысуымен жүргізіледі. Сонымен қатар студенттер неміс тілін оқиды.

Бірінші курстан кейін студенттерге ақысыз академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға, сондай-ақ Германиядағы Hochschule Anhalt университетінде оқуын жалғастыруға мүмкіндік беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін:

ҰБТ-дан «Математика - Физика» бейіндік пәндері комбинациясы бойынша кемінде 70 балл жинау;

Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растау (IELTS нәтижесі кемінде 5.5, TOEFL нәтижесі кемінде 69 балл болуы немесе Anhalt International University-дің ішкі емтиханын тапсыру) қажет.

Белгіленген талаптарға сәйкес келетін талапкерлер университеттің қабылдау комиссиясына хабарласа алады. Қабылдау комиссиясының мамандары оқуға түсу талаптары бойынша кеңес береді, құжаттарды тексереді және мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға түсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынады.

Құжаттар 2026 жылғы 10 тамызға дейін қабылданады.

Қабылдау комиссиясының байланыс деректері:  +7 707 837 33 77.

Электрондық пошта: info@anhalt.university

Сайт: anhalt.university