Ғылым және жоғары білім министрі Құқық қорғау органдары академиясының түлектеріне диплом табыстау рәсіміне қатысты

Ғылым және жоғары білім министрі Құқық қорғау органдары академиясының түлектеріне диплом табыстау рәсіміне қатысты

Ғылым және жоғары білім министрі Құқық қорғау органдары академиясының түлектеріне диплом табыстау рәсіміне қатысты

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы түлектеріне диплом табыстау салтанатты рәсіміне қатысты.

Салтанатты рәсім отандық құқық қорғау жүйесі үшін маңызды оқиға болды. Академия түлектері заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған кәсіби қызмет жолын бастады.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Заң және тәртіп» жалпыұлттық бастамасын іске асыруда жоғары білікті мамандар даярлаудың айрықша маңызы атап өтілді. Бұл бастама заң үстемдігін нығайтуға, қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге және әділетті әрі қауіпсіз мемлекет құруға бағытталған. Аталған бастаманы табысты жүзеге асырудың негізгі алғышарттарының бірі – заман талабына сай, кәсіби құзыретті әрі қағидатшыл кадрларды даярлау.

Құқық қорғау органдары академиясы – құқық қорғау жүйесі үшін кадрлар даярлайтын жетекші білім беру және ғылыми орталық. Мұнда алғашқы кәсіби дайындық, магистратура, докторантура және біліктілікті арттыру бағдарламалары жүзеге асырылады, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар тыңдаушылардың бойында заңдылық, әділдік, кәсіби әдеп, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету қағидаттарына адалдықты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Түлектерді диплом алуымен құттықтаған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жастардың мемлекеттік институттарға деген қоғамдық сенімді нығайтуда, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуде және құқықтық мемлекетті дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Сіздер жоғары жауапкершілік пен қоғамдық сенім жүктелетін мамандықты таңдадыңыздар. Бүгінде Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» бастамасын тиімді жүзеге асыру сіздердің кәсібиліктеріңізге, қағидатшылдықтарыңызға және қызметтік борышқа адалдықтарыңызға тікелей байланысты. Антқа адал болып, заңдылық пен әділдік қағидаттарын берік ұстанып, мемлекет пен қоғам игілігі жолында абыроймен қызмет етіңіздер. Сіздерге кәсіби табыс, ел игілігі жолындағы абыройлы қызмет пен жаңа жетістіктер тілеймін», – деді министр.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекет пен қоғамның заманауи сұраныстарына сай келетін кадрлар даярлау жүйесін дәйекті түрде дамытып келеді. Министрлік білім беру сапасын арттыруға, заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және еліміздің орнықты дамуына үлес қоса алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға басымдық береді.