Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру ынтымақтастығы: 40 студент жазғы мектепке аттанды

Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру ынтымақтастығы: 40 студент жазғы мектепке аттанды

Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру ынтымақтастығы: 40 студент жазғы мектепке аттанды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 40 студенті дәстүрлі «Жазғы мектеп» бағдарламасы аясында Түркия Республикасына аттанды.

Түркиядағы жазғы мектеп – университеттің академиялық ұтқырлықты дамытуға, білім алушылардың халықаралық тәжірибесін кеңейтуге, сондай-ақ түркі елдері арасындағы білім және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған дәстүрлі жобаларының бірі.

Бағдарламаға арнайы іріктеуден өткен оқу үлгерімі жоғары, түрік тілін еркін меңгерген және қоғамдық, ғылыми, шығармашылық бағыттағы түрлі байқауларда жоғары нәтижелер көрсеткен белсенді студенттер қатысады.

Сапар алдында университет басшылығы бағдарлама қатысушыларымен кездесіп, оларға сәттілік тілеп, халықаралық тәжірибені тиімді пайдаланып, алған білімдері мен әсерлерін оқу үдерісінде және қоғамдық қызметте қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Қазіргі таңда студенттер Түркиядағы танымдық-академиялық бағдарламаларын бастады. Алдағы он күн ішінде олар Бурса, Чанаккале, Балыкесір, Билежік, Анкара, Невшехир, Болу және Ыстанбұл қалаларында болып, тарихи-мәдени мұра нысандарымен танысады, жетекші жоғары оқу орындарының қызметімен және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму тәжірибесімен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кету керек, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері «Жазғы мектеп» бағдарламасы бойынша Түркияға биыл төртінші рет барып отыр. Бағдарлама алғаш ұйымдастырылған жылы оған 70 студент қатысса, кейінгі үш жылда жыл сайын 40 студенттен қатысып келеді.