
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ғылым, жоғары және заңгерлік білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, құқықтық ғылымды дамытуға және қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Серіктестіктің жаңа кезеңі мемлекеттік құрылымдар мен кәсіби заңгерлік қоғамдастықтың сараптамалық әлеуетін біріктіріп, білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруға, құқықтық ағартуды жетілдіруге және жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Меморандум аясында тараптар ғылыми-зерттеу және сараптамалық жобаларды іске асыруды, талдамалық зерттеулер жүргізуді, тәжірибе және әдістемелік материалдар алмасуды, сондай-ақ отандық және шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр.
Айрықша назар заң ғылымын дамытуға, заманауи сын-қатерлер жағдайында жұмыс істей алатын жаңа буын мамандарын даярлауға, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге және құқықтық ағартудың тұрақты тетіктерін қалыптастыруға аударылады.
Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру ғылым, білім және азаматтық қоғам арасындағы өзара байланысты дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Академиялық білімді, практикалық тәжірибені және сараптамалық әлеуетті біріктіру Қазақстанның қазіргі құқықтық жүйесінде сұранысқа ие мамандар даярлау мен заңгерлік білім беруді дамытудың жаңа тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Меморандумға қол қою мемлекеттік институттар мен кәсіби қоғамдастық арасындағы серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Бұл өз кезегінде білім беру сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулерді дамытуға және елдегі құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған.