Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әзербайжан Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Рагти оғлы Атамогланов, сондай-ақ «EasyDanismanlik» компаниясының негізін қалаушысы және компания делегациясының мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында жоғары білімді интернационалдандыру, ғылым және жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ академиялық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, халықаралық серіктестікті кеңейту және шетел азаматтарын Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуға тарту бағыттары бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар жоғары білім беру жүйесіне озық халықаралық тәжірибені енгізу, білім беру қызметтерінің экспорттық әлеуетін арттыру және халықаралық білім беру кеңістігіндегі ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғары білімді интернационалдандыруды ілгерілетуге және ғылым мен жоғары білім саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілдігін растады.