
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізде ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына оқуға түсу мәселелері бойынша талапкерлерге арналған өзекті ақпаратты қамтитын инфографиканы ұсынады.
Материалда қабылдау комиссияларының байланыс деректері, құжат қабылдау мерзімдері, оқуға қабылдау шарттары, білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер және талапкерлерге қажетті өзге де ақпарат берілген. Инфографика талапкерлер мен олардың ата-аналарын Қазақстанда сапалы халықаралық білім алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпараттандыру мақсатында әзірленді.