Ғылым және жоғары білім министрі Индонезия Елшісімен білім және ғылым саласындағы серіктестікті талқылады

Ғылым және жоғары білім министрі Индонезия Елшісімен білім және ғылым саласындағы серіктестікті талқылады

Ғылым және жоғары білім министрі Индонезия Елшісімен білім және ғылым саласындағы серіктестікті талқылады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Рахманмен екіжақты кездесу өткізіп, еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан индонезиялық студенттермен және түлектермен жүздесті.

Іс-шара барысында жоғары білім және ғылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарында оқуын сәтті аяқтаған Индонезия Республикасының түлектерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, академиялық қауымдастық пен Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ индонезиялық студенттер мен түлектер қатысты.

Қатысушыларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз арнады. Өз сөзінде министр түлектерді оқуын сәтті аяқтауымен құттықтап, халықаралық академиялық ынтымақтастықтың Қазақстан мен Индонезия арасындағы қатынастарды нығайтудың маңызды құралы екенін атап өтті және шетелдік студенттердің білім алуы мен кәсіби дамуына қолайлы мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтуге Қазақстан Республикасының бейілді екенін атап өтті.

Өз кезегінде Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Фаджроел Рахман қазақстандық тарапқа Индонезия азаматтарының білім алуына қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс білдіріп, министрдің халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамытуға және екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан жеке үлесін атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстандағы индонезиялық студенттер мен түлектер қауымдастығының өкілдері де сөз сөйледі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері атынан Йоланда Мухлис құттықтау сөз сөйлеп, алғысын білдірді. М.Нәрікбаев университетінің түлектерінің пікірін Фадли Бануреа таныстырды. Өз сөздерінде олар Қазақстанда білім алу және өмір тәжірибесімен бөлісіп, жоғары академиялық дайындық деңгейін, қолайлы білім беру ортасын және қазақстандық жоғары оқу орындарының қолдауын ерекше атап өтті.

Іс-шараның кульминациясы Индонезия Республикасының түлектеріне үздік оқу үлгерімі, қоғамдық өмірге белсене қатысқаны және Қазақстан Республикасы мен Индонезия Республикасы арасындағы достықты, өзара түсіністікті және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі болды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғары білім, ғылым және академиялық ұтқырлық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдірді. Аталған іс-шара Қазақстан мен Индонезия арасындағы стратегиялық серіктестіктің, өзара сенім мен гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін айқын көрсетті, сондай-ақ жаңа бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды іске асыру үшін қосымша негіз қалыптастырды.