Аманжолов университетінде Конституциялық реформалар мәселелері талқыланды

Аманжолов университетінде Конституциялық реформалар мәселелері талқыланды

Аманжолов университетінде Конституциялық реформалар мәселелері талқыланды

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Қазақстанның жаңа Конституциясы: институционалдық өзгерістер және құқықтық мемлекетті дамыту» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Екі күнге созылған ауқымды іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ, ҚР Әділет министрлігі жанындағы Парламентаризм институтының атқарушы директоры Алмас Қанатов, сондай-ақ өңірдің сот және құқық қорғау жүйесінің өкілдері қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашықтық, әділдік және заң үстемдігі қағидаттарына негізделген саяси реформалардың қоғамды жаңғыртудағы маңызын ерекше атап өтті.

Конференцияның мақсаты – Қазақстандағы конституциялық реформалардың маңызын талқылау, құқықтық мемлекетті дамыту тетіктерін саралау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту мәселелерін қарастыру. Жиында құқықтық реформаларды жүзеге асыру, конституциялық бақылауды жетілдіру, адам құқықтарының кепілдіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту және құқықтық институттардың рөлін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Конференция аясында «Әділетті Қазақстанның жаңа Конституциясы» атты студенттер арасындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Айта кетейік, жоғары оқу орындарында құқықтық сауаттылықты арттыруға, жастардың азаматтық белсенділігін дамытуға және конституциялық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.