Саясат Нұрбек KAIST профессоры Пак Чжинмен кездесу өткізді

Саясат Нұрбек KAIST профессоры Пак Чжинмен кездесу өткізді

Саясат Нұрбек KAIST профессоры Пак Чжинмен кездесу өткізді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Корея Республикасының экс-сыртқы істер министрі, KAIST профессоры Пак Чжинмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында министр Оңтүстік кореялық делегацияны Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалармен жан-жақты таныстырды. Әсіресе, отандық жоғары оқу орындарын интернационалдандыру, жетекші шетелдік университеттердің филиалдарын ашу, сондай-ақ елдің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік байланыстарды одан әрі кеңейтуге өзара мүдделі екендерін растады және ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған нақты қадамдарды белгіледі.