Қазақстан мен Армения жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Армения жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Армения жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Бүгін, 21 мамырда, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар жоғары білім мен ғылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Әсіресе ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейту, бірлескен жобаларды іске асыру және тәжірибе алмасуды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Министр өз сөзінде Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат пен жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып өтті. Сондай-ақ ол Орталық Азияда өңірлік білім беру орталығын қалыптастыруға бағытталған бастамаларға тоқталды.

Өз кезегінде Армения Республикасының Елшісі жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, Армения тарапының Қазақстанмен білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті.

Тараптар екі елдің ғылыми-білім беру әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың және өзара тиімді серіктестікті дамытудағы тәжірибе алмасудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалог пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.