АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: 41 МЫҢ РЕТ НЕГІЗГІ ҰБТ ТАПСЫРЫЛДЫ

АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: 41 МЫҢ РЕТ НЕГІЗГІ ҰБТ ТАПСЫРЫЛДЫ

АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: 41 МЫҢ РЕТ НЕГІЗГІ ҰБТ ТАПСЫРЫЛДЫ

2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ 41 мыңнан астам рет тапсырылды. Талапкерлердің 67%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде және 103 адам ағылшын тілінде тапсырды.

Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 57%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 58 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 134 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.

ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында 86 ереже бұзушылық анықталды. 46 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микро құлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 40 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Естеріңізге сала кетсек, 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.