
GITEX AI Central Asia & Caucasus халықаралық форумы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Грузияның білім, ғылым және жастар ісі жөніндегі министрінің орынбасары Байя Квицианимен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында тараптар ғылым, жоғары білім және цифрландыру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Әсіресе кадр даярлау ісіндегі тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлықты дамыту, сондай-ақ білім беру үдерісіне жасанды интеллектіні енгізуді қоса алғанда, заманауи білім беру технологияларын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша делегация үшін Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына озық тәжірибелермен танысу және серіктестік байланыстарды кеңейту мақсатында таныстыру турларын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кездесулердің жалғасында делегация Satbayev University-не барып, грузин жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Тараптар академиялық ұтқырлықты дамыту, халықаралық байланыстарды нығайту, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын интеграциялау және бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы жоғары білімді интернационалдандыру болды. Бұл бағытта халықаралық серіктестіктерді кеңейту, шетелдік студенттерді тарту және жаһандық білім беру кеңістігіне ықпалдасудың тиімді құралы ретінде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын дамыту мәселелері талқыланды.
Кампус-тур аясында делегация университеттің ғылыми инфрақұрылымымен танысып, оның ішінде ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тетіктері мен индустриямен өзара іс-қимыл бағыттары қарастырылды. Қонақтарға City University of Hong Kong және Arizona State University филиалдары таныстырылып, шетелдік кампустардың жұмыс істеу үлгісі таныстырылды. Бұл модель делегация тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Сондай-ақ Art Lab-қа бару барысында қонақтар инженерлік білімді студенттердің креативті дағдыларын дамытумен ұштастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар делегация Innotech powered by Arizona State University жаңа кампусымен, сондай-ақ New York Film Academy-дың Қазақстандағы қызметімен танысты. Аталған алаңдар заманауи халықаралық білім беру тәсілдерін жүзеге асыратын инновациялық білім беру орталықтары ретінде ұсынылды.